Жиын қорытындысы бойынша спорттық директор Марат Хайруллинмен, сондай-ақ команданың бас бапкері Штефан Тарковичпен әрі қарай да жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Словакиялық маманның қызметіндегі орны тұрақты болып қалмақ, алайда оның позициясы өзі сұратқан шетелдік футболшылармен толыққаннан кейін қайта қаралады.
Айта кетейік, молдовалық «Шерифтің» экс-директоры Важа Тархнишвилидің бұдан былай ақтөбелік клубқа ешқандай қатысы жоқ. Ресми ақпарат бойынша, мамыр айында бұл грузиндік маман заңды түрде қызметінен кетпеген Хайруллиннің орнына келуі тиіс еді.
Еске сала кетейік, ҚПЛ-дың 13 турының қорытындысы бойынша «ақ-қызылдар» турнирлік кестеде жетінші сатыда келеді. Ал ел Кубогындағы жорығы ширек финалда «Алтайдан» жеңілумен аяқталды (1:1, пенальти бойынша – 3:4).
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.