Біздің тек бір бапкеріміз ғана ұлттық құрамада, яғни, U19 құрамасында жұмыс істейді. Басқаларын федерация тағайындады. Ол біздің бапкерлер емес.
Федерацияда «Қайраттың» ойыншыларын жақтырмайтын адамдардың бар екенін жақсы білеміз. Бұл қалыпты құбылыс. Бірақ мен ұлттық құрама үшін жауап бере алмаймын, өздері білсін.
Менің тек бір сұрағым бар: олар Қазақстан футболынан бейхабар Владимир Чебуринді қалайша бапкер етіп тағайындады. Ол елге енді ғана келді ғой. Ал федерация оны U21 құрамасының бас бапкері етті. Чебуринге ешқандай да шағымым жоқ. Бірақ ол қазақ футболын, балалар футболын білмейді ғой. Қазақстан жастар (U21) құрамасының нәтижесін көріп отырсыздар. Ал U19-да біздің бапкер жұмым істейді. Оның нәтижесі көрініп-ақ тұр.
Федерация QJ League-ға да Қазақстан құрамасы деген атпен команда қосты. Мұның не қажеті бар? Жас футболшылар негізінен клубта дамуы керек. Бүкіл әлемде солай болып жатыр ғой», – деді Боранбаев Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.
Владимир Чебурин жаттықтыратын Қазақстан U21 жастар құрамасы соңғы он матчтың тоғызында жеңіліп, біреуінде тең түскен.
Ал Қазақстан U19 құрамасы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінде Португалиямен тең ойнап (1:1), Сербияны ұтып (3:1), Грекиядан жеңілді (2:4). Бірақ іріктеу кезеңінің екінші кезеңіне жолдама алды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.