Бізге «Челсиден» ресми хат келді. Олар 29 маусым күні Аустралияға ұшып, жаңа маусымға дайындықты бастайды. Хатта Дастанның 26 маусым күні Лондонда болу керектігін жазыпты. Дастанмен сөйлестік, ол 17 және 21 маусымда болатын матчтарға қатысып, содан кейін бес күн демалады. 26 маусым күні анасымен бірге Лондонға ұшып кетеді», – деді Боранбаев Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.
Қайрат мырза «Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның Сәтпаевты жақсы білетінін мәлімдеді.
«Біз «Реалмен» болған ойыннан кейін Хаби Алонсомен сөйлестік. Сонда ол: «Қайратқа» қарсы дайындалған кезде тек бір ғана футболшыны – Дастан Сәтпаеты жақсылап зерттедік», – деп айтты. Алонсо Дастанды жақсы біледі. Сондықтан Сәтпаев «Челсидің» негізгі командасында ойнап кете алады. Жеке өзім бұған сенімдімін».
«Қайрат» 17 маусым күні «Қызылжарды» қабылдап, төрт күннен кейін қайтадан сол командамен ойнау үшін Петропавлға барады. Сол екі матчтан кейін Дастан Сәтпаев «Челси» ойыншысы атанады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.