Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Боранбаев – Анарбековтің қателігі жайлы: Темірланды жазғырмаймыз, қолда бар қақпашыларға сенеміз

«Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев Темірлан Анарбековтің «Атырауға» қарсы ойында (1:1) жасаған қателігі жайлы пікір білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Боранбаев – Анарбековтің қателігі жайлы: Темірланды жазғырмаймыз, қолда бар қақпашыларға сенеміз
Сурет: ашық дереккөздерден

«Негізі ұтатын ойын еді. Анарбековтің жасаған қателігіне келсек, былтыр Дастан Сәтпаев та «Копенгаген» қақпасына сондай қателіктен кейін гол соққан еді. Мұны қарапайым қателік, футболдың заңдылығы десек те болады.

Бұл командалық ойын болғандықтан, Темірланды жазғырмаймыз. Ештеңе етпейді, мүмкін Анарбеков те, команда да осындай қиындықтан өту керек болған шығар. Бірақ бұл жағдай көңілге қаяу түсірді.

Маған команданың берілмей, әрі қарай ойнағаны ұнады. Жасаған ауысымдарымыз да ойынның күшеюіне әсер етті. Жас жігіттер мен жаңа ойыншымыз алаңға шықты. Ақыры тең ойнаған екенбіз, бұл жеке бір ойыншының емес, бүкіл команданың қатесі деп білемін», – деді Боранбаев Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.

Сондай-ақ Қайрат мырза құрамда бар қақпашыларға сенетінін, жаңа голкипер іздемейтінін мәлімдеді:

«Қайратты» Чемпиондар лигасына Темірланның жалғыз өзі шығарды деп айта алмаймыз. Өйткені командадағы басқа жігіттер пенальтиді сәтті орындады (Громыкодан басқасы). Команда болып жеңдік, команда болып жеңілдік.

Бізде қазір Анарбеков, Қалмұрза және Буч бар. Жаңа қақпашы іздеп жатқан жоқпыз».

«Атырауға» қарсы ойында Темірлан Анарбековтің қателігінен кейін Айбар Абдулла гол соғып, матч 1:1 есебімен аяқталды.

«Ордабасымен» болған ойыннан кейін Рафаэль Уразбахтин Анарбековті «әлеуметтік желіде көп отыратын шығар» деп сынның астына алған болатын.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz