Жақын матчтар
«Бернли» Фабио Челестинидің басшылығымен алғашқы матчын өткізді
Англиялық «Бернли» жаңа бас жаттықтырушысы Фабио Челестинидің басшылығымен алғашқы матчын өткізді.
Өтінімге енбеген Дастан Сатпаевсыз «бургундиялықтар» өз алаңында «Портсмутпен» голсыз тең түсті. «Терф Мур» стадионына жиналған көрермендер гол көре алмады.
Осы матчтан кейін «бургундиялықтар» тоғыз ұпай жинап, Чемпионшип турнирлік кестесінде 22-орында тұр.
Фабио Челестини командасы бұл кездесуге алдыңғы турда «Линкольннен» 1:4 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін келді. Осы сәтсіздіктен соң бас жаттықтырушы қызметінен Ники Хайен босатылды.
Айта кетейік, қазіргі маусымда Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «Бернли» сапында жеті матч өткізіп, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ