Жақын матчтар
Самородов пен Кенжебек РПЛ клубында бас бапкерсіз қалады
Ресейлік бапкер Станислав Черчесов грозныйлық «Ахматтан» кетеді.
Грозныйлық команда маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. 13 турдан кейін «Ахмат» 11 ұпаймен Ресей Премьер-лигасының турнир кестесінде соңғы алдындағы, 15-орында тұр.
31 қазанда грозныйлықтар мәскеулік «Динамоға» 0:2 есебімен еш мүмкіндіксіз есе жіберіп, онсыз да қиын турнирлік жағдайын ушықтыра түсті.
Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының екі ойыншысы — Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді. Самородовтың осы маусымда барлық турнирде өткізген 13 матчында бір голы және екі нәтижелі пасы бар. Кенжебек алаңға алты рет шығып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ