«Шахтердің» негізгі құрамымен жаттығу үшін соңғы қоңырауға бармаған: 17 жасар Әкімов QJ League-де рекорд орнатып жүр

Автор
Fonteam редактор
Автор
14.06.26, 06:00
Ағымдағы маусымда QJ League-да өз командасының соққан голдарының тең жартысына жуығына жауапты әрі сұрмергендер жарысында «Қайраттың» шабуылшыларын шаң қаптырған жаңа есім пайда болды.
«Шахтердің» негізгі құрамымен жаттығу үшін соңғы қоңырауға бармаған: 17 жасар Әкімов QJ League-де рекорд орнатып жүр
Сурет: ашық дереккөздерден

Ол – жартылай қорғаныста ойнайтын 17 жасар Расул Әкімов. ASnews.kz қарағандылық «Шахтердің» жаңадан жарқырап келе жатқан жұлдызы туралы баяндайды.

Қарағандының жаңа көшбасшысы

Расул Әкімов 2009 жылдың 6 ақпанында дүниеге келген. Бүгінгі таңда ол соңғы жылдары талантты футболшыларды үздіксіз тәрбиелеп шығарып жатқан «Шахтер» U-18 командасының капитаны әрі көшбасшысы. Осы ұжымның алдыңғы жұлдызы Глеб Макридов 2025 жылғы маусымда QJ League үздік ойыншысы атанып, қыста Мадридтің «Атлетико» академиясына тағылымдамаға аттанған еді. Енді эстафетаны Әкімов сәтті іліп әкетті.

Шабуыл өтіндегі жартылай қорғаушы

Жас ойыншының биылғы көрсеткіштері таңғалдырмай қоймайды. Чемпионаттың старттық кезеңінде Акимов жеті матч өткізіп, тоғыз гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Бір ғана жартылай қорғаушы «Шахтердің» жалпы голдарының 47 пайызын (19 голдың тоғызын) өз еншісіне жазды. Соңғы турда оның командасы «Қайсарды» 8:0 есебімен талқандап, Расул хет-трик жасады.

Қазіргі уақытта Әкімов лиганың сұрмергендер көшін бастап тұр. Жарыс ұйымдастырушылары да оның еңбегін ескеріп, үшінші және бесінші турларда Әкімовты аптаның үздік ойыншысы деп таныды.

Профидегі дебют және соңғы қоңырау

Мұндай прогресс ересектер деңгейінде де назардан тыс қалмады. Алдымен 20 мамырда Әкімов «Шахтер» U-21 жастар командасы сапында «Ұлытауға» қарсы ойында дебют жасады. Көп ұзамай бірінші лига аясында «Елімайдың» қосалқы командасына қарсы матчта «Шахтердің» негізгі құрамы сапында алғашқы ойынын өткізді.

Жас жігіттің мінезін мына бір деталь жақсы сипаттайды: мамыр айында Расул мектеп бітірді, бірақ дәстүрлі соңғы қоңырау салтанатына барған жоқ. Дәл сол күні оған «Шахтердің» негізгі құрамымен алғашқы толыққанды жаттығуы белгіленген еді. Ол мектеп мерекесі мен кәсіби футболда өзін көрсету мүмкіндігінің арасынан жасыл алаңдағы жұмысты сенімді түрде таңдады.

Ұлттық құрамадағы капитандық белгі

Халықаралық деңгейде де Әкімов өзін жақсы көрсетіп үлгерді. 2026 жылдың наурызында ол Қазақстан жасөспірімдер құрамасына (U-17) Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Аустрия және Чехияға қарсы матчтарға шақырту алды. Бапкерлер штабы қарағандылық талантқа Аустриямен өткен қиын ойында капитандық белгіні сеніп тапсырды. Матчта Әкімов 51-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылса да, құрама 0:0 есебімен теңдікті сақтап қалды. Еуропа аренасындағы мұндай сенім 17 жасар ойыншының болашағынан үлкен үміт күттіреді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

14.06.26, 06:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8