«Голды тойлаудан саналы түрде бас тарттым, өйткені мен «Қайрат» клубының тәрбиеленушісімін. Маған бұл ұжымның тек академиясында ғана емес, негізгі командасында да ойнау бақыты бұйырды. Ал Рафаэль Радикович (Уразбахтин) мені тіпті жасөспірім шағымда жаттықтырған болатын. Осылайша, бүкіл клубқа деген құрметімді білдіруді жөн көрдім.
Ал соққан голыма келетін болсақ, жай ғана прессингке жүгірдім. Ішкі түйсігім соңына дейін бару керектігін сыбырлағандай болды, бұл сезім өз жемісін берді», – деді 24 жастағы форвард.
Айбар Абдулланың голының арқасында «мұнайшылар» сырт алаңнан бір ұпай олжалады. Осылайша, «Қайрат» қатарынан үш матч бойы жеңіске жете алмай, турнирлік кестеде екінші орында қалып қойды.
Бұған дейін қазақстандық шабуылшы «Шахтер», «Ақтөбе» және «Тұран» клубтарында да өнер көрсеткен. Оның еншісінде ҚПЛ-да өткізген 55 матчта үш гол және үш ассист бар.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.