Хаткевич «Қайратпен» болған матч туралы: Алматыда бізге әрқашан да керемет қолдау көрсетіледі

Автор
Fonteam редактор
Автор
14.06.26, 04:00
«Атырау» қақпашысы Егор Хаткевич ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-дың 13-туры аясында алматылық «Қайратқа» қарсы өткен сырт алаңдағы ойынға (1:1) қатысты пікір білдірді.
Хаткевич «Қайратпен» болған матч туралы: Алматыда бізге әрқашан да керемет қолдау көрсетіледі
Сурет: ашық дереккөздерден

«Негізінен біз қорғаныста ойнадық, бірақ сонымен бірге қауіпті қарымта шабуылдарға шығып отырдық. Екінші таймда тактиканы сәл өзгертіп, ойын өрнегін жаңарттық. «Қайраттың» орталық арқылы қысым жасайтынын түсіндік, бірақ көп ұзамай олар қапталдарды қоса бастады. Біз бұған дайын болдық. Прессингтің арқасында гол соқтық, бәрі сәтті шықты.

Менің осы клубта ойнап жүргеніме төрт жыл болды. Алматыда «Қайратқа» қарсы матчтарда бізді әрдайым ерекше қолдайды. Мұнда Атыраудан келген көптеген студент жастар оқиды, олар бізге жанкүйер болуға келеді. Сондай-ай, бұл бағытта өте мықты жұмыс істеп жатқан медиа қызметімізді де атап өткім келеді», – деді қақпашы.

Алматыдағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері 13-минутта Яакко Оксаненнің голының арқасында есеп ашқан болатын, алайда 69-минутта «мұнайшылардың» жартылай қорғаушысы Айдар Абдулла сәтті прессингтен кейін таразы басын теңестірді.

Бұл – «Қайраттың» жеңіссіз өткізген қатарынан үшінші матчы (27 ұпай, турнирлік кестеде екінші орын). Ал «Атырау» 15 ұпаймен ҚПЛ-дың тоғызыншы сатысында келеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

14.06.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8