Салтанатты шара Лос-Анджелесте АҚШ – Парагвай (4:1) матчының алдында өтті. «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Лос-Анджелес Гэлакси» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы ресми сөз сөйлеген кезде эмоциясын жасыра алмады.
Ағылшын ойыншысы бұл сәттің оған әлі де түсініксіз, тіпті фантастикалық болып көрінетінін айтты, әсіресе оның қарапайым отбасынан шыққанын және футбол алаңынан тыс үлкен мойындауға ие болғанын ескерсек.
«Менің мансабымда ерекше сәттер көп болды, бірақ бұл марапат шынымен керемет. Мен әрдайым көп нәрсе армандадым, бірақ мұндай артықшылық жұмысшы отбасынан шыққан жігітке бұйырады деп ешқашан ойламаппын», – деп шынайы түйіндеді Бекхэм.
Айта кетейік, АҚШ құрамасы Бекс қатысқан матчта Парагвайды 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.