ҚПЛ: «Тобыл» «Қызылжарды» тізе бүктірді

Автор
Fonteam редактор
Автор
13.06.26, 12:00
«Тобыл» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдап, Қазақстан Премьер-лигасының 13-турында сенімді жеңіске жетті.
ҚПЛ: «Тобыл» «Қызылжарды» тізе бүктірді
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойынның бірінші бөлігі голсыз әрі қауіпті сәттерсіз өтті. Ал екінші тайм басында қостанайлықтар үш минут ішінде матчтың тағдырын шешіп, қарсыласының қақпасына екі жауапсыз гол соқты.

Алдымен Урош Милованович Асхат Тағыбергеннің пасын баспен қақпаға тоғытты. Артынша-ақ, Александр Зуев Папе Альюнның пасынан кейін алаң иелерінің басымдығын еселей түсті.

Кездесуде бұдан әрі гол соғылған жоқ. «Тобыл» 12 ұпай жинап, КПЛ турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.

КПЛ, 13-тур

«Тобыл» – «Қызылжар» 2:0

Голдар: Милованович, 54, Зуев, 57

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

13.06.26, 12:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11