«Қазақстан құрамасын жан-жақты зерттеп, ойынға тыңғылықты дайындалдық. Өйткені олар қарсы шабуылға өте қауіпті шығады. Бұл командада сапалы футболшылар бар. Өзім Сәтпаевты, Самородовты және Әліпті жақсы танимын. Үшеуі де жоғары деңгейдегі ойыншылар.
Бұл – менің Қазақстанға қарсы екінші матчым. Кездесу тартысты өтті, екі команда да шабуылда белсенді болды және пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер аз болған жоқ, оның ішінде мен де бармын. Мұндай ойын екі құрама үшін де жақсы тәжірибе болды.
Самородовтың голына келсек, ол мені алдап өткен жоқ. Мен орнымда қалдым, бірақ Максим саңылау тауып, мүмкіндігін шебер пайдаланды. Ол өте жоғары деңгейдегі футболшы. Алла қаласа, болашақта бұдан да мықты клубта өзін сынап көреді деп сенемін. Халықаралық тәжірибесін толықтырып, Ресей чемпионатынан да мықты лигаға ауысуы мүмкін. Оның бәрі өз амбициясына байланысты», – деді Тикнизян.
Сондай-ақ армениялық жартылай қорғаушы өз командасының жеңіске жақынырақ болғанын айтып, қазақстандық жас талант Дастан Сатпаев туралы да пікір білдірді.
«Меніңше, жеңіске біз жақынырақ болдық, өйткені өз алаңымызда ойнадық. Дегенмен, екінші таймда Қазақстанның қарсы шабуылдары өте қауіпті ұйымдастырылды. Жалпы, бұл біз үшін қалыпты нәтиже.
Ал Сәтпаевқа келсек, бәрі оның «Челсиде» тұрақтап қалуына байланысты. Ол – өте мықты әрі болашағынан зор үміт күттіретін жас футболшы. Дастан қазірдің өзінде Чемпиондар лигасында ойнап тәжірибе жинақтады, ал менде, мысалы, ондай мүмкіндік әлі болған жоқ. Алла қаласа, оның мансабы сәтті өрбиді деп сенемін. Ол – өте жақсы ойыншы», – деп қорытындылады Тикнизян.
Ереванда өткен Армения мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның 50-минутында Максим Самородов есеп ашса, 53-минутында Эдуард Сперцян таразы басын теңестіріп кетті.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.