Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Байсуфинов – Арменияға қарсы тең ойын жайында: психология жағынан ойын ұнады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Армениямен өткен жолдастық кездесуден кейін (1:1) матчтың тактикалық қыр-сырын талдады.

Fonteam редактор
Автор ·
3 минут оқу
Байсуфинов – Арменияға қарсы тең ойын жайында: психология жағынан ойын ұнады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Әрине, Жасұлан Әмірді алғашқы минуттан алаңға шығардық, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Оған әлі де уақыт керек, бірақ бірінші матч үшін керемет ойнады. Оның әлеуеті өте жоғары, оны өзіміз де байқап отырмыз. Қосалқы құрамнан қосылған Әбинұр Нұрымбет пен Мақсат Әбіраев та жақсы ойын көрсетті. Ең бастысы – олардың бойынан ешқандай қобалжу көрмедік. Тұңғыш кездесу үшін өте жақсы нәтиже мен жоғары деңгей көрсете алды».

Сонымен қатар, бас бапкер команданың психологиялық дайындығы мен тактикалық тапсырманы қалай орындағанына тоқталды:

«Әрине, кез келген маман бапкер болған соң, алаңға өз тактикасы мен схемасын шығарады. Маған бүгін жігіттердің психологиясы мен менталитет жағынан көрсеткен мінезі ұнады. Армения бірнеше матчтан бері жеңіске жете алмай келе жатқандықтан, бүгін олардың тарапынан үлкен агрессия мен прессинг болды. Біз ойыншыларға қарсыласқа тек жеңіс керек болатынын алдын ала ескерттік.

Наурыздағы матчтарда біз көбіне физикалық күшке иек артсақ, бүгін тіпті қысым болса да, схемамызды ұстап, доппен ойнауымыз керек екенін жеткіздік. Армения құрамасының қорғаушыларының артында бос кеңістік қалатынын білдік, бірақ допты алға соққыштай бермей, сабырмен, қысқа пастар арқылы шығуды тапсырдық. Алғашқы 15 минутта Арменияның қандай прессинг жасағанын көрдіңіздер. Сондай-ақ соңғы ысқырыққа бірнеше минут қалғанда да қарсыластың үлкен қысымына тап болдық. Жайдан-жай допты алға тебе салып, соңынан жүгіре беру бізге де ұнамайды», – деді Байсуфинов.

Ереванда өткен Армения мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның 50-минутында Максим Самородов есеп ашса, 53-минутында Эдуард Сперцян таразы басын теңестіріп кетті.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов бірнеше жас талантқа мүмкіндік берді: Жасұлан Әмір алғашқы минуттан шығып, нәтижелі паспен көзге түссе, екінші таймда Әбинұр Нұрымбет пен Мақсат Әбіраев та елдің бас командасы сапындағы дебюттік матчтарын өткізді. Құрама келесі жолдастық кездесуін 9 маусымда Дебреценде Венгрияға қарсы өткізеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz