Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Армения құрамасының бапкері – Қазақстанға қарсы тең ойын жайлы: екі таймда да жеңе алатын едік

Армения ұлттық құрамасының бас бапкері Егише Меликян Қазақстанға қарсы өткен жолдастық кездесудегі (1:1) тең нәтижеге қатысты өз ойын білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Армения құрамасының бапкері – Қазақстанға қарсы тең ойын жайлы: екі таймда да жеңе алатын едік
Сурет: ашық дереккөздерден

«Екі таймда да бізде жеңіске жететін мүмкіндік болды. Қарсыластың бізді өз айып алаңымызға қамап тастай алмайтынын түсіндім, сондықтан шабуылда жақсы ойнай алдық. Алайда өте қарапайым сәттердегі шеберлік деңгейінің төмендігі жеңісті жұлып алуға мүмкіндік бермегеніне қатты қапалымын. Екінші таймда гол соғатын бұдан да көп мүмкіндік туындаған еді.

Эдуард Сперцянның ойынына көңіліміз толады, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Тактикалық тұрғыдан Қазақстан құрамасының айып алаңына дейін еш қиындықсыз жетіп отырдық. Бірақ допты қақпаға енгізе алмау себебіне келсек, футболшылардың жеке басына тоқталып, ешкімді бөліп жарғым келмейді. Бізде биыл мүлдем гол соқпаған шабуылшылар бар. Бұл – алдағы уақытта жақсылап ойланатын мәселе», – деді Армения құрамасының бапкері.

Ереванда өткен Армения мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың 50-минутында Максим Самородов есеп ашқанымен, араға үш минут салып Эдуард Сперцян таразы басын теңестіріп кетті.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы сапында бірден үш жас футболшы – Әбинұр Нұрымбет, Мақсат Әбіраев және Максим Самородовқа голдық пас шығарып берген Жасұлан Әмір тұңғыш рет алаңға шықты. Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі жолдастық кездесуін 9 маусым күні Венгрияға қарсы өткізеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz