«Оқжетпестің» украиналық ойыншысы: бір-біріне туған бауырдай қарайтын команда құрып жатырмыз

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.06.26, 03:00
Көкшетаулық «Оқжетпестің» украиналық қорғаушысы Борис Лотоцкий ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында жаңа клубқа тез бейімделуіне не себеп болғанын айтып берді.
«Оқжетпестің» украиналық ойыншысы: бір-біріне туған бауырдай қарайтын команда құрып жатырмыз
Сурет: ашық дереккөздерден

«Командаға біз қалаған нәтижеге қол жеткізуге көмектесе алатыныма өте қуаныштымын. Ал бейімделуге келетін болсақ, бұл жерде біздің ұжым, бапкер, персонал – осы клубпен қандай да бір байланысы бар әрбір адам өте үлкен рөл атқарады.

Мен келген алғашқы күннен бастап біз барлығы бір-біріне туған бауырдай қарайтын өте мықты әрі жауынгерлік қауқары жоғары команда құрып жатырмыз. Мұндай ұжымда жұмыс істеу өте жағымды, бұл – топ деңгей. Сондықтан менің бұл жерде өзімді үйдегідей сезінуіме үлес қосқан әрбір жанға алғыс айтамын», – деді Лотоцкий.

Еске сала кетейік, 23 жастағы украиналық орталық қорғаушы көкшетаулықтар қатарын өткен қыста толықтырған болатын. Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Лотоцкий маңызды голдардың авторы атанды: оның еншісінде «Астана» қақпасына соғылған жеңіс голы (1:0), сондай-ақ жақында ғана «Ақтөбемен» болған матчтағы (2:2) командасын жеңілістен құтқарып қалған добы бар.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

05.06.26, 03:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11