Мартин – «Елімайды» жеңгені туралы: өткізіп алған голда айыптылар жоқ

Автор
Fonteam редактор
Автор
20.07.26, 09:01
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин «Елімайды» жеңгеннен кейін (3:1) өткізіп алған гол туралы айтты, команданың жаңа ойыншысы Кейлердің дебютіне баға берді, сондай-ақ ыстық ауа райы мен тығыз кестенің футболшыларға қалай әсер етіп жатқанын түсіндірді.
Мартин – «Елімайды» жеңгені туралы: өткізіп алған голда айыптылар жоқ
Сурет: ашық дереккөздерден

Қателіктер мен өткізіп алған гол туралы:

«Өткізіп алған гол бойынша айтар болсам – мен ешқашан ойыншыларды айыптамаймын. Не нәрсені жақсырақ жасауға болатынын команда ішінде талқылаймыз. Мүмкін, белгілі бір сәттерде зейін жетіспеген шығар немесе қате позиция таңдалған болар. Келесі жолы жігіттер мұндай қателіктер жібермей, гол өткізбеуін қамтамасыз еткім келеді. Өткізілген голдарда нақты бір айыпты жоқ, бәріміз де бірдей кінәліміз».

Кейлердің дебюті мен Античпен бәсекелестік туралы:

«Кейлердің дебютіне келер болсақ, оның сапымызда болғанына өте қуаныштымыз. Ол – біздің ойыншымыз, ал командада салауатты бәсеке болуы керек. Бұл позицияда Антич те ойнайды. Алда чемпионатта кездесулер көп, ескерту қағазы бар футболшыларымыз бар, кубоктық матчтар күтіп тұр. Жақсы бәсеке ешкімге кедергі жасамайды.

Қазіргі уақытта кім жақсы бабында болса, сол ойнауы тиіс. Сондықтан олар бәсекелеседі, Құдай қаласа, командаға көп пайда әкеледі. Сапымызда осындай футболшыларды ұстау мүмкіндігі бар екеніне көңілім толады».

Тығыз кесте мен ыстық ауа райы туралы:

«Төрт күн бұрын Кубок ойынын өткізгеніміз, әрине, әсер етті. Бір апталық циклде ойнау – бір басқа, ал төртінші күні алаңға шығу – мүлде бөлек жағдай. «Елімайдың» да басында дәл осындай жағдай болды, екі ұжым да тең дәрежеде еді.

Бірақ ойнау қиын болды, әсіресе осындай ауа райында. Ауаның бұлыңғырлығы мен аптап ыстық – мұндай жағдайда матчтарға дайындалу өте ауыр, ағза үнемі күйзелісте болады. Бүгін футболшыларға тығыз кестеге де, ауа райына да байланысты қиынға соқты», – деп түйіндеді Мартин.

ҚПЛ-2026 маусымының 18-турында «Ордабасы» өз алаңында семейлік «Елімайды» 3:1 есебімен басым түсті. Алаң иелерінен Бьорн Йонсен, Ги-Марселин Килама және Эльхан Астанов (пенальтиден) мергендік танытса, қонақтар сапынан жалғыз допты Фессу Плакка соқты.

Бұл жеңіс молдовалық маманның шәкірттеріне 43 ұпай жинап, «Қайратты» бір ұпайға басып озып (бір ойыны қорыда бар), турнирлік кестеде қайта көш бастауға мүмкіндік берді. Ал Андрей Карпович баптайтын «Елімай» 26 ұпаймен жетінші орында келеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

20.07.26, 09:01

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11