Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Мбаппе, Винисиус пен Беллингемді «Реалда» не күтіп тұр – Перес жауап берді

Мадридтік «Реал» президенті Флорентино Перес «корольдік клубтың» жұлдыздары – вингер Винисиус Жуниор, шабуылшы Килиан Мбаппе және жартылай қорғаушы Джуд Беллингемнің болашағына қатысты журналистердің сұрағына жауап берді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Мбаппе, Винисиус пен Беллингемді «Реалда» не күтіп тұр – Перес жауап берді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Мбаппе – әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі. Оның статистикасына қарасаңыз, қандай ерекше футболшы екенін бірден түсінесіз. Мұндай феноменалды ойыншының деңгейіне ешкім күмәнданбауы тиіс. Ол бізге көп пайда әкеледі және мен оның «Реалда» үлкен жетістікке жететініне сенімдімін», – деп келтіреді Перестің сөзін AS.

Мбаппе, Винисиус пен Беллингемді негізгі құрамда көре аламыз ба деген сұраққа Перес нық жауап берді.

«Бұл – ерекше ойыншылар. Әлемдегі кез келген ірі клуб өз қатарында болуын қалайтын футболшылар, ал біз оларды «корольдік клубта» көруге бақыттымыз. Әрине, олар «Реалда» қалады», – деп түйіндеді ол.

Өткен маусымда Винисиус барлық турнирлерде клуб сапында 53 матч өткізіп, 22 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Мбаппенің еншісінде 44 матч, 42 гол және 7 ассист бар. Беллингем 40 ойынға қатысып, 8 гол және 5 нәтижелі пасымен көзге түсті.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.