«Барселонадан» «Аланьяспорға» дейін: Еуропа клубтарына дарынды қазақстандықтарды кім баптады?

Автор
Fonteam редактор
Автор
02.06.26, 12:09
«Аланьяспордың» 17 жастағы қорғаушысы Диярхан Қарабалиновтың әкесі Әзілхан ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында былтыр өмірден өткен отандық бапкер Дінмұхаммед Жолановтың баласына тигізген әсері туралы айтып берді.
«Барселонадан» «Аланьяспорға» дейін: Еуропа клубтарына дарынды қазақстандықтарды кім баптады?
Коллаж

«2019 жылы Диярхан Жоланов жетекшілік ететін «Astana Junior» клубына қосылды. Оның командаласы Юн қазір «Эльчеде» ойнаса, одан бір жас кіші Меңдіқанов «Барселона» сапында өнер көрсетеді. Сол жылы қыста бізге испаниялық скаут келіп, ұлымды өз еліне қаралымға шақырды.

Елордаға жаңа ғана көшіп келгендіктен, бірден Испанияға ұшып кету қиын болды. Сондықтан біз скауттың кеңесіне құлақ асып, доппен жұмыс істеуге баса назар аудардық. Қадырқұлұлы жаттығу тәсілін өзгертіп, ұлымның техникасын шыңдауға білек сыбана кірісті. Тәлімгердің футболшыны дәл осылай жеке дамытып, бүкіл үрдісті дәптерге жазып отырғанын алғаш рет көруім еді.

Осы жинаған базаның арқасында 2020 жылдың қыркүйегінде Түркияға аттандық. Онда баламды «Аланьяспор» клубы бірден қабылдады», – деді Диярханның әкесі.

«Astana Junior» клубының негізін қалаушы Дінмұхаммед Жоланов 2025 жылы 52 жасында дүниеден озды. Тәрбиеленушілері бүгінде Еуропаның танымал клубтарында атой салып жүр.

Қаптал қорғаушысы Диярхан Қарабалинов маусымды «Аланьяспордың» U-19 құрамында аяқтады. Командаға «Бешикташ», «Галатасарай» және «Фенербахчемен» бір дивизионда қалу үшін небәрі үш ұпай жетпей қалды.

«Сан-Кугаттың» вингері Кәрім Меңдіқанов «Барселонамен» келісімшартқа отырса, жартылай қорғаушы Әлижан Юн «Эльче» клубының көшбасшысына айналды (біріншіліктегі 26 ойында алты гол соқты).

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8