Ұлттық құраманың өтініміне 28 жастағы қақпашы Лука Зидан - аңызға айналған Зинедин Зиданның ұлы енді.
«Гранада» клубының голкипері үшін бұл әлем чемпионаты мансабындағы алғашқы мундиаль болмақ.
Зиданның ұлы әлем чемпионаты үшін азаматтық ауыстырды
Алжир құрамасына ауысқанға дейін Лука Зидан Францияның әртүрлі жас деңгейіндегі құрамаларында ойнаған.
2025 жылдың қыркүйегінде қақпашы спорттық азаматтығын ауыстырып, Алжир құрамасына қосылды.
Ал ұлттық құрама сапындағы дебютін ол 2025 жылдың қазан айында өткізді. Енді Лука ресми түрде әлем чемпионатына қатысатын құрамға енді.
Жалпы Алжир құрамасының тізіміне 26 футболшы кірді.
Лука мансабын «Реал» академиясында бастаған
Лука Зидан мадридтік «Реалдың» түлегі саналады. Ол клуб академиясына 2004 жылы қабылданған.
2017 жылдан бастап қақпашы негізгі команда матчтарына шақырыла бастады, ал «Реал» сапындағы дебюті 2018 жылдың 20 мамырында «Вильярреалға» қарсы ойында өтті.
Бір қызығы, Лука ересектер футболындағы алғашқы матчын өз әкесі Зинедин Зиданның жетекшілігімен өткізген.
«Реал» жүйесінде жүргенде Лука Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын, клубтар арасындағы әлем чемпионатын және Испания Суперкубогын жеңіп алды.
ӘЧ-2026 турнирінде Алжир құрамасы J тобында өнер көрсетеді.
Африкалық команда Аргентина, Аустрия және Иордания құрамаларымен кездеседі.
Алжирдің өтініміне Рияд Марез, Райан Аит-Нури, Рами Бенсебаини, Хуссем Ауар секілді танымал футболшылар да енді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.