Ағылшын футболындағы үлкен жанжал өрши түсті: «тыңшылардың» хат алмасуы жарияланды

Автор
Fonteam редактор
Автор
02.06.26, 07:00
Ағылшын футболында қазір «Саутгемптонның» қатысуымен үлкен жанжал туындап отыр. Клуб қарсыластарын бақылап, тыңшылықпен айналысқаны үшін Премьер-лигаға шығу жолындағы плей-оффтан шеттетілді.
Ағылшын футболындағы үлкен жанжал өрши түсті: «тыңшылардың» хат алмасуы жарияланды
Сурет: ашық дереккөздерден

BBC Sport клуб аналитиктері мен олардың басшылығы арасындағы хат алмасуды жариялады. Онда жас мамандарды қарсыластарды аңдуға мәжбүрлегені анық көрінеді:

«Желтоқсанда «Саутгемптонмен» өтетін матч алдында «Оксфорд Юнайтедтің» жаттығуын бақылауға жіберілген жас аналитик әріптестеріне былай деп жазды: «Менде негізі таңдау болған жоқ, бас тартуға мүмкіндік бермеді. Мен тәжірибеден өтіп жүрген едім, не айтса, соны орындадым». Ол сол жаттығудың деректерін басшысына жібергенде, WhatsApp арқылы жауап келді: «Сен аңызсың. Менеджерге бұл ұнады».

Одан кейін оны «Ипсвичті» аңдуға қайта жібермек болғанда, ол күмәнін білдірген. Бірақ оған «бастық біреу баруы керек деп талап етіп отыр» деген жауап келген. Ұсталып қалған соң, клубтың тағы бір аналитигі әріптесіне: «Мен басынан-ақ мұның дұрыс емес екенін айттым, бірақ ешкім тыңдамады!» — деп жазғанын BBC хабарлады.

Сондай-ақ, жанжал ушыға бастағанда, «Саутгемптон» жас аналитиктің интернеттегі суреттерін өшіруге тырысқаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, жанжал салдарынан «Саутгемптон» Премьер-лигаға шығу плей-оффынан шеттетілді, сондай-ақ 2026/2027 маусымына бес ұпай шегерілді. Жанжал, плей-оффтың алғашқы жартылай финалдық матчі қарсаңында, «Мидлсбро» командасының жаттығуында «әулиелердің» тыңшысы әшкереленгеннен кейін өршіді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8