«Виталий – жас болса да, өз жасына қарағанда өте салмақты әрі ерте есейген. Ешқандай себепсіз жаттығуларды ешқашан жіберген емес, мектепте де өте жақсы оқыды, сондықтан тәртібі өте жоғары. Жетістіктен басы айналып, асқақтап кету оның табиғатына жат. Ұлым қазір де нәтиже көрсетіп жатыр, алдағы уақытта да көрсете береді», – деді Латурнустың әкесі.
«Ақ-қызылдардың» жас форварды Виталий Латурнус ҚПЛ-дың 12-турында «Оқжетпеске» қарсы өткен матчта (2:2) дубль авторы атанған болатын. Бұған дейін ол «Атырау» қақпасын да дәл көздеген (1:1).
Футболшы маусым айында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Португалия, Сербия және Грекияға қарсы ойындарда Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасына көмектеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.