«Қызылжардың» африкалық сұрмергені: «Бордодан» кейін ҚПЛ деңгейі мені таңғалдырды

Автор
Fonteam редактор
Автор
29.05.26, 09:00
«Қызылжардың» ивуарлық шабуылшысы Этьен Бегр ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы ойыннан алған әсерімен бөлісті.
«Қызылжардың» африкалық сұрмергені: «Бордодан» кейін ҚПЛ деңгейі мені таңғалдырды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Шынымды айтсам, премьер-лига мен үшін жаңалық болды. Әрине, «Бордодан» кейін бұл мүлдем бөлек әлемге тап болғандай әсер қалдырады, бірақ мен жағымды мағынада таңғалып отырмын. Бұл жерде бәрі алаңда барын салады, ал футболдың өзі физикалық тұрғыдан өте ауыр. Командалардың тактикалық ұйымдасқандығы жоғары деңгейде. Сонымен қатар мұнда бәсекелестік, үлкен амбициялар мен жалынды жанкүйерлер бар», – деді Бегр.

Одан бөлек, 25 жастағы легионер чемпионаттағы басқа клубтар тарапынан өзіне деген қызығушылық туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді:

«Иә, кейбір ұжымдардың назарына іліккенім рас. Бұл Қазақстанда шетелдіктерге сенім артатынын және лиганы дамытқысы келетінін білдіреді. Бірақ бір айта кетерлігі: тарап жүрген қауесеттердің бәрі бірдей шындыққа жанаса бермейді», – деп толықтырды ол.

Еске сала кетейік, француздық «Бордо» клубының түлегі Этьен Бегр «Қызылжар» сапына осы жылдың ақпан айында ауысып келген болатын. Ол өткізген 14 матчта алты гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Бұған дейін африкалық шабуылшы словениялық «Марибор» клубында да өнер көрсеткен.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8