«Командаға біз қалаған нәтижеге қол жеткізуге көмектесе алатыныма өте қуаныштымын. Ал бейімделуге келетін болсақ, бұл жерде біздің ұжым, бапкер, персонал – осы клубпен қандай да бір байланысы бар әрбір адам өте үлкен рөл атқарады.
Мен келген алғашқы күннен бастап біз барлығы бір-біріне туған бауырдай қарайтын өте мықты әрі жауынгерлік қауқары жоғары команда құрып жатырмыз. Мұндай ұжымда жұмыс істеу өте жағымды, бұл – топ деңгей. Сондықтан менің бұл жерде өзімді үйдегідей сезінуіме үлес қосқан әрбір жанға алғыс айтамын», – деді Лотоцкий.
Еске сала кетейік, 23 жастағы украиналық орталық қорғаушы көкшетаулықтар қатарын өткен қыста толықтырған болатын. Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Лотоцкий маңызды голдардың авторы атанды: оның еншісінде «Астана» қақпасына соғылған жеңіс голы (1:0), сондай-ақ жақында ғана «Ақтөбемен» болған матчтағы (2:2) командасын жеңілістен құтқарып қалған добы бар.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.