«Бүкіл Шымкент қаласын және «Ордабасының» барлық жанкүйерлерін жеңіспен құттықтаймын. Бұл жарыс кестесі тұрғысынан да, жеке текетірестік тұрғыдан да өте маңызды матч болды. Ойыншыларға және бізге барлық қажетті жағдайды жасауға барын салып жатқан басшылыққа алғыс айтамын. Басты қаһармандар – алаңда өзін жақсы көрсете білген футболшылар.
Ойын алма-кезек басымдықпен өтті. Бірде бір команда, бірде екінші команда допқа иелік етті. Ешкім үстемдік құрған жоқ, қос тараптан да қауіпті шабуылдар болды. Жеңіске жеткендіктен, бұл – лайықты нәтиже. «Қайрат» жеңіске лайық болды деп ешкім айта алмайды. Бүгінгі матчта төрешілер бригадасының жұмысына көңілім толды. Олар Қазақстанда сапалы төрешілер бар екенін дәлелдеді. Шетелдіктерге емес, дәл осы жергілікті жігіттерге сенім артқандары маңызды болды, әйтпесе бұл отандық төрешілердің беделіне нұқсан келтірер еді.
Алғашқы жіберіп алған голға келсек – бұл жағымсыз сәт болды, өйткені ол біздің жоспарымызды өзгертіп жіберді. Есепті теңестіруге тура келді, шабуылға көбірек күш жұмсап, теңгерімді (балансты) жоғалттық. Жауап голының тез соғылғаны жақсы болды.
Рафаэль Уразбахтиннің бізді жеңіспен құттықтағанына келсек – мен де оны жақсы ойынымен және мықты командасымен құттықтаймын. Олар – соңғы жылдардағы қазақстандық футболдың көшбасшылары. Оларға қарсы кез келген команданың қорғаныстан ойнауға құқығы бар шығар. Сондықтан бұған бас ауыртудың қажеті шамалы. Біз өз жолымызбен келе жатырмыз. Біз әрдайым үш шабуылшымен ойнай бермейміз, бұл жерде мәселе олардың бейінінде. Бізде классикалық форвардтың жоқ екені және ізденісте жүргеніміз рас, құдай қаласа, күшейеміз. Бұл – клуб іздеп жатқан позициялардың бірі. Әйтпесе бізде шабуыл шебіндегі ойыншылар тобы жеткілікті. Бүгін Әмір гол соға алмағанымен, Астанов мергендік танытты.
Халықаралық үзіліске келетін болсақ, біз демалып, серпіліп алуымыз керек. Бір топ жігіттеріміз ұлттық құрамаға шақырту алды, олар бірден жұмысқа кіріседі. Қалғандары демалады. 4 маусымда жиналып, келесі матчқа дайындықты бастаймыз. Бұл – жұмыс күндері, тойлап жататын уақыт жоқ. Қуануға мұршамыз аз. Уақыт күтпейді, келесі мақсаттар туралы ойлауымыз керек. Иә, бағдарлама бойынша бір жолдастық кездесу өткіземіз», – деді Мартин.
Еске сала кетейік, осы жеңістің арқасында «Ордабасы» 28 ұпай жинап, «Қайратты» (26 ұпай) ҚПЛ турнир кестесіндегі бірінші орыннан ығыстырды. Сонымен қатар шымкенттіктердің қорында тағы бір ойын бар.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.