«Оқжетпес» директоры – клубтың бюджеті жайлы: бізде жалақы мүлдем кешікітірілмейді

Автор
Алихан Ибраев
Автор
29.05.26, 10:00
«Оқжетпестің» бас директоры Ербол Қайыров клубтың бюджеті жайлы пікір білдірлі.
«Оқжетпес» директоры – клубтың бюджеті жайлы: бізде жалақы мүлдем кешікітірілмейді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Оқжетпестің» жылдық бюджеті көп деп айта алмаймын. «Қайрат», «Тобыл», «Елімай», «Ордабасымен» салыстыруға келмейді. Біздің ойыншылардың алатын жалақысы да көп емес. Үлкен жалақы алатын футболшы жоқ. Бізде бәрі тек ұжым ретінде өнер көрсетуді қалайды», – деді Қайыров «Бірінші бол» ютуб-арнасындағы подкастта.

Сондай-ақ Ербол мырза биыл нәтижелі ойын көрсетіп жүрген «Оқжетпес» қорғаушыларының ойынына баға берді.

«Борис Лотоцкий Украина Премьер-лигасында ойнаған. Қазір ҚПЛ-дағы үздік қорғаушылардың бірі деп айтуға болады. Ол ғана емес, Иван Кузьмичев пен Лео Асуньсао да керемет ойнауда. Олардың маусым соңына дейін жарамды келісімшарттары бар. Клуб олар үшін барлық жағдайды жасауда. Басқа командалармен салыстырғанда, «Оқжетпесте» жалақы кешіктірілмей беріледі. Бұл футболшылар үшін өте маңызды».

Көкшетаулық клуб 12 турдан кейін 23 ұпай жинап, 3-орында келе жатыр. Соңғы турда «Ақтөбемен» тең ойнады (2:2).

 

«Оқжетпестің» орталық қорғаушылары осы маусымда жақсы нәтиже көрсетуде: Иван Кузьмичев 1 гол соғып, 1 ассист жасады, Борис Лотоцкий 2 гол соғып, 1 ассист жасады, ал Лео Асуньсаоның еншісінде 2 гол бар.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8