«Ордабасыны» жеңісімен құттықтаймыз. Олар жарады, мінез көрсете білді. Ал біздің командаға келетін болсақ, ойындарда жеңіске жету үшін, чемпионатты ұтып алу үшін нағыз жігіттік мінез (яйца), ерік-жігер керек. Өкінішке қарай, кейбіреулеріміз оны қонақүйде немесе үйде қалдырып кеткен сияқтымыз.
Матч алдында біз сөйлестік және тактика мен теория тұрғысынан не істесек те, бәрін жекпе-жектер, жеке дуэльдер мен допқа алғашқы болып жету шешетініне баса назар аударған болатынбыз. Өкінішке қарай, мұны бәрі бірдей естіген жоқ. Келесі жолы ойынға не қажет болса, соның бәрін өзімізмен бірге ала шығуға тырысамыз. Үйде немесе қонақүйде қалдырмаймыз.
Керемет атмосфера үшін жанкүйерлерге рақмет. Мұндай тамаша жағдайда ойнау өте жағымды болды. Көршілер жарады, осындай ғажап аура сыйлады», – деді Уразбахтин.
Шымкенттегі кездесу қонақтардың басымдығымен басталды — алматылықтар белсенді шабуыл жасап, Жоржиньоның күшімен есеп ашты. Алайда алаң иелері үзіліске дейін Ги-Марселин Киламаның голының арқасында таразы басын теңестіріп үлгерді. Екінші таймда шымкенттіктер бастаманы өз қолдарына алып, Эльхан Астанов жеңіс голын соқты. Осылайша «Ордабасы» 2:1 есебімен ерік-жігерлі жеңіске қол жеткізді.
Бұл матчтан кейін «Ордабасы» 28 ұпай жинап, ҚПЛ турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ал «Қайрат» 26 ұпаймен екінші сатыға сырғыды, сонымен қатар алматылық клубтың бір ойыны артық.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.