«Ақтөбеге» гол соққан ойыншы: ойын тағдырын бірінші таймда шешіп тастауға болатын еді

Автор
Fonteam редактор
Автор
29.05.26, 03:00
«Оқжетпестің» украиналық қорғаушысы Борис Лотоцкий ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚПЛ-дың 12-туры аясында «Ақтөбеге» қарсы өткен ойын (2:2) туралы пікір білдірді.
«Ақтөбеге» гол соққан ойыншы: ойын тағдырын бірінші таймда шешіп тастауға болатын еді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Ойынға деген ынта-жігеріміз әдеттегідей болды – алаңға шығып, өз жұмысымызды дұрыстап атқарғымыз келді. Әрине, қазақстандық футболдың алпауыты саналатын осындай ұжымдармен ойнау өте керемет. Біз әр матчта тек жеңіс үшін ойнаймыз, сондықтан команда үш ұпай алуға барынша ұмтылды.

Матч қорытындысы бойынша тіркелген тең ойын – жақсы нәтиже. Біз есепте артта қалып жатып, ұпай еншілеу үшін барымызды салдық. Бірақ объективті түрде қарасақ, ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастауға болатын еді деп ойлаймын. Өте көп қауіпті сәттер тудырдық, бірақ, өкінішке қарай, оларды голға айналдыра алмадық. Бұл ретте Александр Заруцкийге («Ақтөбе» қақпашысы – ред. ескертпесі) құрмет білдіргім келеді, ол бүгін өз командасының нәтижеге қол жеткізуі үшін көп тер төкті», – деді футболшы.

Көкшетауда өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Бірінші таймда қарсыластар гол алмасты: алдымен Бектемир Абдуманнонов алаң иелерін алға шығарса, үш минуттан кейін Виталий Латурнус таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін «Ақтөбенің» 17 жасар шабуылшысы дубль жасады, алайда матчтың соңғы секундтарында Борис Лотоцкий «Окжетпесті» жеңілістен құтқарып кетті.

Осы нәтиженің арқасында «Оқжетпес» 23 ұпай жинап, ҚПЛ турнир кестесінде үшінші сатыдағы орнын сақтап қалды. Ал «Ақтөбе» 16 ұпаймен жетінші орында қалды.

23 жастағы украиналық орталық қорғаушы Борис Лотоцкий «Оқжетпес» сапына өткен қыста украиналық «Нива» (Винница) клубынан ауысып келген болатын. Ағымдағы маусымда қорғаушы көкшетаулықтар сапында барлық жарыстарда 13 матч өткізіп, екі гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8