Алаң иелері 28-минутта есеп ашты, ал 71-минутта басымдықты екі еселеді. Жеңіс қалтада ма? Әлі емес. Ойын соңында талдықорғандық футболшылар жігер танытып, 87-минутта 0:2 есебімен ұтылып жатқанымен, 89-минутта таразы басын теңестірді!
Дегенмен, соңғы сөз «Қызылжар» ойыншыларында қалды: Этьенн Бегре дубль жасап, командасына әсерлі жеңіс сыйлады. Айта кетейік, Көкшетаудағы алдыңғы ойында да шешуші сәттер қосымша уақытта орын алған еді.
ҚПЛ, 12-тур
«Қызылжар» — «Жетісу» — 3:2
Голдар: Бегре, 28, 90+2, Краишник, 71 — Ануарбеков, 88, Пайович, 89
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.