Штефан Марковичтің шәкірттері жеңілістен құтылуға мәжбүр болды, себебі алғашқы болып есепті алаң иелері ашты. Ақтөбеліктердің жас таланты Виталий Латурнус ғарыштық голымен есепті жылдам теңестірді.
Екінші таймның басында-ақ 17 жастағы «Ақтөбе» шабуылшысы дубль авторы атанды. «Оқжетпес» жауапты голын украиналық қорғаушы Борис Лотоцкийдің арқасында соңғы шабуылда соғып, есепті 2:2-ге жеткізді.
Осы матчтан соң командалар өз орындарын сақтап қалды: «Оқжетпес» үшінші орында, «Астанадан» төрт ұпай алда, «Ақтөбе» жетінші сатыда.
ҚПЛ, 12-тур
«Оқжетпес» — «Ақтөбе» — 2:2
Голдар: Абдуманнонов, 32, Лотоцкий, 90+6 — Латурнус, 35, 61
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.