«Исламның командада қалып, толыққанды маусымалды дайындықтан өткені өзіне үлкен көмек болар еді. Ойыншының командаға қаңтардағыдай маусым ортасында келуі әрдайым қиындық тудырады. Бірақ бұл жерде мәселе оның Шотландияға бой үйретіп үлгергеніне немесе елге қайтуды қалайтынына да байланысты. «Хартстың» бас бапкері оны жақсы көреді, Ислам оған ұнайды. Сондықтан, меніңше, бұл клубтың емес, көбіне Чесноковтың өзінің шешімі болады. Ақыр соңында, олар онымен келісімшартқа отыру үшін өте ұзақ күтті», – деді Мартин.
«Хартс» 26 жастағы Чесноковпен осы жылдың қаңтарында 2028 жылға дейін келісімшартқа отырған болатын. Алайда эдинбургтік клуб сапында өткізген жарты маусымда вингер негізгі құрамға тұрақтай алмады. Жалпы алғанда, қазақстандық футболшы барлық турнирде 11 кездесу өткізіп (бес рет негізгі құрамда шықты), бір гол соқты және бір пенальти еншіледі. Оның командасы чемпионаттың соңғы турында «Селтиктен» (1:3) жеңіліп, чемпиондықтан айырылып қалды және жарыс кестесінде екінші орынды місе тұтты.
Бұған дейін Hearts Standard сайтында Чесноковтың трансферден кейін арада тек жарты жыл өткенде Шотландиядан кетуі мүмкін екендігі және оған Қазақстан тарапынан қызығушылық бар екені туралы ақпарат пайда болған еді.
Жақын арада футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының орналасқан жеріне барып қосылады және маусым айындағы Армения мен Венгрияға қарсы жолдастық кездесулерге дайындықты бастайды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.