Биылғы жылы 33 жастағы қақпашыға «Ақтөбе», «Елімай», «Тобыл» клубтары, сондай-ақ Ресей және Түркия чемпионаттарынан екі ұжым қызығушылық танытқан. Алайда Орал футболының түлегі әзірбайжандық «Сабах» клубымен келісімшартын 2027 жылдың жазына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Масазыр кентінің намысын қорғайтын команда ішкі чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда мерзімінен бұрын чемпион атанды. Сондай-ақ, «Сабах» қатарынан екінші рет Әзірбайжан кубогын жеңіп алып, «алтын» дубль жасады. Шілде айында клуб Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Әзірбайжан премьер-лигасының өткен маусымында Покатилов мүмкін болған 33 матчтың 30-ында алаңға шықты. Бұл кездесулерде қақпашы 22 гол жіберіп, 13 ойынды «құрғақ» өткізді. Бүгінгі таңда футболшының нарықтық құны 600 мың еуроға бағаланып отыр.
Айта кетейік, Әзірбайжан чемпионатындағы сәтті ойынына қарамастан, Покатилов Қазақстан ұлттық құрамасының маусым айындағы жолдастық кездесулеріне шақырылған жоқ. Қазіргі уақытта қақпашының еншісінде ұлттық құрама сапында өткізілген 29 матч бар.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.