Бұған дейін клубтың қазіргі президенті Флорентино Перес екі маусым қатарынан титулсыз қалған соң, мерзімінен бұрын сайлау өтетіні туралы жариялаған болатын.
2025 жылдың қаңтарында Перес «Реал» президенті қызметіне келесі төрт жылға қайта сайланған еді. 2009 жылдан бері «Реал» клубындағы сайлаулар бәсекесіз өтті.
Перестің бұл жолғы қарсыласы — кәсіпкер Энрике Рикельме.
79 жастағы Перес «Реал» президенті қызметін 2000-2006 жылдар аралығында атқарған, кейін 2009 жылы қайта сайланды. Оның басшылығымен клуб жеті рет Испания чемпионы атанды, үш рет Кубокты, жеті мәрте Суперкубокты ұтып алды. Сондай-ақ, «Реал» Перестің тұсында жеті рет Чемпиондар лигасының, алты рет УЕФА Суперкубогының, бес рет клубтық әлем чемпионатының және екі мәрте құрлықаралық кубоктың иегері атанды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.