Бұл туралы турнирдің ресми сайтында жарияланды.
Бұл атаққа «Манчестер Сити» жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола, «Брентфорд» бапкері Кит Эндрюс, «Манчестер Юнайтед» тізгініндегі Майкл Каррик, «Борнмуттың» Андони Ираола және «Сандерленд» өкілі Режис Ле Бри де үміткер болған еді.
Өткен маусымда лондондықтар Артета жетекшілігімен 22 жылдан кейін алғаш рет Премьер-лигада алтын медаль алды.
Артета «Арсеналдың» тарихында Арсен Венгерден кейін маусымның үздік бапкері атанған алғашқы жаттықтырушы. Венгер бұл марапатқа командасы чемпион атанған үш маусымда (1997/98, 2001/02 және 2003/04) ие болған еді.
Өткен маусымда «Ливерпульді» жаттықтырған Арне Слот үздік бапкер атанған еді. Бұл марапатты тарихта ең көп алған — «Манчестер Юнайтедті» баптаған сэр Алекс Фергюсон (10 рет).
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.