Маусымның басталуына екі күн қалғанда «Астана» ойыншыларын тіркей бастады. Сол кезде екі жылдық келісімшарты бар немесе клубтың түлегі саналатын 12-13 футболшы ғана тіркелді. Тізімге Мақсат Абраев, Санжар Әнуаров секілді жастар енді. Ал Марин Томасов, Иван Башичтерді тіркеу үшін 100 мың теңгелік жалақы қойылды.
Естуім бойынша, Марин Томасовтың қазіргі жалақысын Саян Хамитжанов басқа бір жерден, яғни өз қалтасынан төлеп жатыр екен. Себебі клубтың шотына әлі ақша түспеген. Алдағы уақытта мәселе шешілетін шығар. Себебі «Астана» секілді клубқа бір маусым ойнап шығу үшін 2-3 миллиард теңге қажет», – деді Мәулен «Бірінші бол» ютуб-арнасына берген сұхбатында.
ҚПЛ 10-турында «Оқжетпестен» жеңілгеннен (0:1) кейін «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян ойыншылардың 100 мың теңгелік жалақыға ойнап жүргенін мәлімдеген еді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.