«Фаворит – Париж клубы. Оларда тәжірибелі ойыншылар көп, әрқайсысы жеке шеберлігі жоғары футболшылардан құралған. Психологиялық тұрғыда да олар әлдеқайда тұрақты. «Арсенал» – жастау команда, олар жиырма жыл бойы финалға шықпаған, соңғы рет «Барселонаға» қарсы ойнап, жеңіліп қалған. Сондықтан ПСЖ «Бавариядан» өтіп, финалға шыққаны – олардың психологиялық тұрғыда да жақсы дайындалғанын көрсетеді, сол себепті олар трофейді алады деп ойлаймын», – деді Самат Смақов.
Қызығы, «Арсенал» Чемпиондар лигасының финалына алғаш рет 2005/06 маусымынан бері шығып отыр. 20 жыл бұрын «канонирлер» шешуші ойында «Барселонаға» жол берген еді. «Пари Сен-Жермен» мен «Арсенал» арасындағы финалды Германиядан келген Даниэль Зиберт төрелік етеді.
Айта кетейік, Париждік клуб Чемпиондар лигасының финалына екінші жыл қатарынан шығып, өз титулын қорғауға тырыспақ.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.