«Астана» футболшысы – қаржылық мәселе жайлы: 100 мың теңгені командада бұрыннан ойнайтын футболшылар алып жүр

Автор
Fonteam редактор
Автор
25.05.26, 08:00
«Астананың» жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман командадағы қаржылық қиындықтар жайлы пікір білдірді.
«Астана» футболшысы – қаржылық мәселе жайлы: 100 мың теңгені командада бұрыннан ойнайтын футболшылар алып жүр
Сурет: ашық дереккөздерден

Командадағы ойыншылар 100 мың теңге жалақы алып жүр деген ақпарат рас. Мұны бапкеріміздің өзі де айтты. Қазір жаңа демеушіні күтіп отырмыз. Келсе, барлығы жақсы болады деп үміттенеміз.

Қателеспесем, 100 мың теңгені «Астанада» өткен жылдан бері және ұзақ уақыт бойы ойнап жүрген футболшылар алады», – деді Қараман «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.

25 жастағы футболшы аталмыш проблеманың команда ішіндегі атмосфераға әсер етпейтінін жеткізді:

Легионерлердің көбісі Қазақстанға ақша табу үшін келеді. Бірақ, соған қарамастан киім ауыстыру бөлмесіндегі атмосфера нашар деп айта алмаймын. Жігіттер 100 пайызға барын салуда, бапкер де жақсы жұмыс істеуде».

Қараман ҚПЛ-дың ағымдағы маусымында 11 матчқа қатысты. Талғат Байсуфинов футболшыны Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына шақырды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
26
2
Ордабасы
25
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
17
7
Ақтөбе
15
8
Атырау
13
9
Жетісу
13
10
Жеңіс
13
11
Қызылжар
12
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8