«Ақтөбе» мәлімдеме жасады: Мұқановтың сөздері шындыққа жанаспайды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
25.05.26, 03:00
«Ақтөбе» футбол клубы команданың матч-менеджері міндетін атқарды делген Арон Мұқановтың мәлімдемесіне жауап берді.
«Ақтөбе» мәлімдеме жасады: Мұқановтың сөздері шындыққа жанаспайды
Сурет: ашық дереккөздерден

Біздің порталымызға берген түсініктемесінде «ақ-қызылдардың» өкілі Мұқановтың қаңтар мен мамыр айлары аралығында жұмысқа орналасқаны және оған жалақы төленбегені туралы ақпаратты теріске шығарды:

«Бүгінгі жарияланымдарыңызға байланысты, аталған азаматтың ешқашан клуб штатында болмағанын және оның қызметкері ретінде тіркелмегенін ресми түрде мәлімдеуді жөн деп санаймыз.

Сондай-ақ, оның клубқа қатысты жасаған мәлімдемелері шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.

Клуб қызметкерлерінің абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараттың таралуына байланысты, біз аталған мәлімдемелерге құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жүгіну құқығымызды өзімізде қалдырамыз», – деп мәлімдеді «Ақтөбе» клубы.

Арон Мұқановтың айтуынша, ол 8 қаңтарда басқарманың экс-төрағасы Арман Оспановпен «Ақтөбеде» жұмыс істеу туралы ауызша келісімге келген. Маман матч-дэйлерді ұйымдастырумен және билет-абонемент жобасымен айналысқан болатын.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
26
2
Ордабасы
25
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
17
7
Ақтөбе
15
8
Атырау
13
9
Жетісу
13
10
Жеңіс
13
11
Қызылжар
12
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8