Біздің порталымызға берген түсініктемесінде «ақ-қызылдардың» өкілі Мұқановтың қаңтар мен мамыр айлары аралығында жұмысқа орналасқаны және оған жалақы төленбегені туралы ақпаратты теріске шығарды:
«Бүгінгі жарияланымдарыңызға байланысты, аталған азаматтың ешқашан клуб штатында болмағанын және оның қызметкері ретінде тіркелмегенін ресми түрде мәлімдеуді жөн деп санаймыз.
Сондай-ақ, оның клубқа қатысты жасаған мәлімдемелері шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.
Клуб қызметкерлерінің абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараттың таралуына байланысты, біз аталған мәлімдемелерге құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жүгіну құқығымызды өзімізде қалдырамыз», – деп мәлімдеді «Ақтөбе» клубы.
Арон Мұқановтың айтуынша, ол 8 қаңтарда басқарманың экс-төрағасы Арман Оспановпен «Ақтөбеде» жұмыс істеу туралы ауызша келісімге келген. Маман матч-дэйлерді ұйымдастырумен және билет-абонемент жобасымен айналысқан болатын.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.