Кейн – Дикси Диннен (1927/28) кейінгі алғаш ағылшын ойыншысы, ол топ-5 лига клубтарының бірінде бір маусымда 60-тан астам гол соқты. Харридің еншісінде 2025/26 маусымында «Бавария» құрамында барлық турнирлерде 61 гол бар.
Сонымен қатар, Кейн 2014-15 жылғы маусымнан бері барлық жарыстарда ең көп гол соққан ойыншы атанды – сол кезде Криштиану Роналду да «Реал» сапында 61 голмен көзге түскен еді.
Айта кетейік, бұған дейін «Баварияның» құрметті президенті Ули Хёнесс «Барселона» тарапынан Кейнге қызығушылық туралы ақпаратқа пікір білдірген болатын.
Бұған дейін БАҚ-та каталондық клуб ағылшын шабуылшысын маусым соңында командадан кететін Роберт Левандовскийге әлеуетті алмастырушы ретінде қарастырып жатқаны айтылған еді.
Еске салсақ, дәл осы ағылшын форварды Германия кубогының финалында хет-трик жасап, «Баварияға» жеңіс сыйлаған болатын. Кейннің «Бавариямен» келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.