Екі команда да турнир кестесіндегі ауыр жағдайына байланысты ұпай үшін таласты.
Ақтаулық клуб ҚПЛ кестесінде соңғы орында тұрса, павлодарлықтар одан бір саты жоғары, 15-орында орналасқан еді.
27-минутта Идрисс Умаев алаң иелерін алға шығарды. Ойынның екінші бөлігінің басында Жан Морель По есепті теңестірді.
Негізгі уақыттың аяқталуына алты минут қалғанда Бақдәулет Зұлфиқаров алаң иелеріне аса маңызды жеңісті жұлып әкеткендей көрінген. Бірақ Жан По басқаша ойлап, қосымша уақытта есепті қайта теңестірді. Қорытындысында қиян-кескі кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Осылайша, «Ертіс» 8 ұпай жинап, 13-орынға көтеріліп, құлау аймағынан шығып кетті. Ал «Каспий» дәл сол ұпаймен соңғы орында қалды.
ҚПЛ, 11-тур
«Каспий» – «Ертіс» 2:2
Голдар: Умаев, 27, Зұлфиқаров, 84 – По, 49, 90
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.