«Тобылдың» бас бапкері Мирослав Ромащенко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін (0:3) команданың басты проблемаларын атап өтті.
«Тобылға» бірінші кезекте толық құраммен ойнау жетіспейді. 30-минуттан бастап он ойыншымен қалғанда, бұрынғыдай қауіп төндіре алмайсың. Көбіне қақпаңды қалай аман сақтауды ойлайсың. Екінші мәселе – мүмкіндіктерді пайдалану: өткен матчтарда да ашуымыз келді, қауіпті сәттер жасадық, бірақ шабуылды нәтижелі аяқтау үшін жұмыс істеу керек.
Екі, үш немесе бес метрден қалай гол соқпауға болады? Голсыз жеңіс келмейді. Оның үстіне ротация мәселесі тағы бар – сол баяғы Урош жалғыз шабуылшы болып қалды, оны алмастыратын ешкім жоқ. Ал қалыпқа келу үшін уақыт жеткіліксіз – мұнда жұмыс істеген бір айдың ішінде жетінші ойынымызды өткіздік».
«Қайсармен» ойында Зинадин шықты, «Астанамен» кездесуде – Амоня (Бақытжанов). Сондай-ақ жарақаттан айыққан Пивоваров бар. Бұл жастар мұнда тұрақты түрде жаттығып жүр. Бірақ бұл жолы онсыз да аз ойыншымен ойнадық, мұндайда балаларды қалай алаңға жібересің? Олардың тағдырын неге сындыруымыз керек?».
«Менің айтып отырғаным да осы: біз негізгі позициялардағы футболшыларды оңтайлы бабында ойната алмай жатырмыз. Бірі жарақат алса, екіншісі дисквалификация арқалайды. Паптың өткен кездесуден қалған жарақаты бар, әзірге ол бізге көмектесе алмайды».
«Қызыл қағаздан кейін де команда жинақы әрі агрессивті қимылдады. Не істеу керегін білдік, бірақ оны іске асыру қиын – қарсыласымыз чемпионаттың көшбасшысы. Иә, психологиялық жағдайымыз мәз емес, жеңіліс кез келген ұжымға әсер етеді. Бірақ мен болашаққа оптимизммен қараймын.
Команданың әлеуеті мен ойын өрнегін көріп тұрмын, енді бізге жаңа, жоғары деңгейлі ойыншылардың көмегі қажет. Олар «Тобылды» бәсекеге қабілетті етіп, жаңа деңгейге шығаруы тиіс. Мен футболда бірінші жыл жүрген жоқпын, маған сеніңіздер: маусым мамыр айында аяқталмайды».
«Мен тек біздің фанаттарды естідім. Әлде трибунада «Ордабасының» жанкүйерлері болды ма? Жоқ, мен оларды шатастыруым мүмкін емес. Олардың ұрандарына назар аудардым және уақытынан бұрын кетіп қалмағандары үшін алғыс айтамын – респект. Әрине, стадионнан бұдан да көп адам көргіміз келеді, бірақ ол үшін өзіміз жақсы ойын мен нәтиже көрсетуіміз керек», – деп толықтырды ол.
Орталық стадионға оралған «Тобыл» өз алаңында «Ордабасыдан» ұтылып, ҚПЛ турнирлік кестесінің соңғы орнына тұрақтады. Мирослав Ромащенконың шәкірттері қатарынан үшінші матчта жеңіліп отыр.
Орталық қорғаушы Пап-Альюн Ндиайе чемпионаттың «Қайсарға» қарсы соңғы ойынында (1:2) сол жақ тобығын жарақаттап алған еді. Италиялық «Болоньяның» бұрынғы футболшысы осы маусымда бір нәтижелі паспен көзге түсті.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.