Бұл баға — «Миланның» қызығушылығына байланысты белгіленген.
Лондондық клуб сенегалдық шабуылшыны сатып алуға ниетті командалардан рекордтық сома күтуде. Daily Mail дерегінше, «Челси» 24 жастағы футболшы үшін 100 миллион фунт талап етеді. Бұл баға — «Миланның» қызығушылығына байланысты белгіленген.
Еске сала кетейік, «Челси» Джексонды 2023 жылы «Вильярреалдан» 32 миллион фунтқа сатып алған болатын. Өткен маусымда ол АПЛ-де 30 матч өткізіп, 10 гол соқты.