Елорда командасы есепте алғаш болып алға шығып, бірінші таймның ортасында басымдыққа ие болды, ал үзілістен кейін төрт минут өткен соң, артықшылықты нығайтты. «Ұлытаудың» да өз мүмкіндіктері болғанымен, жезқазғандықтар оларды пайдалана алмады, ал керісінше, хорват легионері Бранимир Калайца үшінші голды соғып, матчқа нүкте қойды.
ҚПЛ, 11-тур
«Астана» — «Ұлытау» — 3:0
Голдар: Каримов, 23, Басманов, 49, Калайца, 87
Осы матчтан кейін «Астана» ұпай саны бойынша «Ұлытаумен» теңеседі, алайда гол айырмашылығы жақсы болғандықтан, оларды басып озды. Үшінші орында тұрған «Оқжетпес» те 11-турдағы өз ойынында жеңіске жетіп, «Астана» одан төрт ұпайға артта келеді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.