Аңызға айналған Пеп Гвардиола маусым соңында қызметінен кетуге шешім қабылдады, оның орнын басатын маман да белгілі. Клубтың жаңа дәуіріне дайындық қазірдің өзінде басталып кетті.
Дэвид Орнштейннің айтуынша, Мареска әлі ресми түрде тағайындалмаса да, «Манчестер Сити»-дің трансферлік жоспарларымен жұмысын бастап кеткен. Қазіргі уақытта ол спорт директоры Уго Вианамен тығыз байланыста, өйткені клуб Гвардиоланың кетуіне дайындалуда.
Бейресми ақпарат бойынша, италиялық маманның қысқа тізіміне жеті футболшы енген, бірақ олардың есімдері әзірге құпия сақталуда.
Бұған дейін Маресканың Гвардиоланың орнын басып, «Манчестер Сити» бас бапкері қызметіне тағайындалатынын және үш жылдық келісімшартқа қол қоятынын хабарлаған едік. Барлық талаптар келісілген, тек ресми қол қою ғана қалды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.