Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Менде келісімшарт бойынша бір жыл ғана қалды»: Гвардиола күтпеген мәлімдеме жасады

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ-дың 37-турындағы «Борнмутпен» болған (1:1) тең ойын мен «Арсеналдың» Англия чемпионатындағы жеңісінен кейін маусым соңында манчестерлік клубтан кетуі туралы қауесеттерге пікір білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Менде келісімшарт бойынша бір жыл ғана қалды»: Гвардиола күтпеген мәлімдеме жасады
Хосеп Гвардиола

Бұған дейін каталондық маманды «Ситидің» тізгінінде Энцо Мареска алмастыруы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

«Мен келісімшарт бойынша әлі бір жыл жұмыс істеуім керек деп жауап берер едім. Өз тәжірибем мен жылдар бойы болған әңгімелерге сүйенсек, сіздер, журналистер, турнир кезінде осындай хабар таратсаңыздар, ол әрдайым жақсы аяқталмайды. Алғашқы сөйлесуім керек адам – клуб басшысы. Себебі шешімді бірге қабылдаймыз.

Бәрі қарапайым, біз сөйлесеміз, содан кейін шешім қабылдаймыз. Тыңдаңыздар, менде тағы да бір жыл келісімшарт бар. Мұнда сіздерге жауап бере алмаймын, себебі алдымен басқарма төрағасымен, ойыншылармен және өз штабыма айтуым керек. Мен – ең бақытты адаммын, өйткені осы клубта жұмыс істеймін. Бұл клуб – ерекше», – деді Гвардиола Sky Sports арнасына.

Пеп Манчестерден кетеді ме?

Гвардиоланың «Манчестер Ситиден» маусым соңында кетуі мүмкін екені күтілуде, алайда клуб бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін испаниялық бапкердің кететіні ресми түрде 24 мамырда өтетін АПЛ-дың 38-турындағы «Астон Вилламен» ойыннан кейін жарияланатыны айтылған.

Манчестер клубы қазіргі бас бапкер шешім қабылдаса, оның орнын басатын кандидатты да анықтап қойды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz