«Ордабасы» ақпан айында Иван Башичтің трансферіне ақша төлеп, сатып алғысы келген. Қаржы жағынан қос тарап келісімге келді. Сол сәтте Башич Босния және Герцеговина құрамасының бапкеріне хабарласып, «Ордабасыға» ауысқалы жатқанын айтады. Бірақ бапкер «Егер шымкенттік клубқа ауыссаң, әлем чемпионатына бармайсың» деп жауап қатқан. Өйткені Еуропада көбісі Астананы жақсы біледі, ал Шымкент олар үшін бейтаныс қала.
Олар Башичті Қытайға, Сауд Арабиясына кетіп бара жатқандай елестетті. Осылайша, ойыншының жеке шеберлігі нашарлап кетеді деп ойлаған. Нәтижесінде Башич «Астанамен» үш жылдық келісімшартқа отырды», – деді Аманбаев «Бірінші бол» ютуб-арнасына берген сұхбатында.
24 жастағы футболшы осы маусымда 10 матчқа қатысып, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Бірақ соңғы «Оқжетпеске» қарсы ойында қызыл қағаз алды.
«Астана» футболшысы осы жазда Босния және Герцеговина құрамасымен бірге әлем чемпионатына барады. Осылайша, Башич әлем чемпионатына қазақстандық клубтың ойыншысы ретінде бара жатқан алғашқы ойыншы атанды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.