«Латурнустың болашағы зор. 17 жастағы академия түлегінің «Ақтөбенің» негізгі құрамында ойнап жүргенін күнде көре бермейсің – өзімнен кейін ешкімді еске түсіре алмай отырмын. Бұған дейін мұндай жағдай тек 2013 жылы ғана болған еді. Ол өте жақсы деңгейде өнер көрсетіп, бірден көзге түсіп жүр. Жылдам әрі басымен де жақсы ойнайды.
Виталий – өте ашық, жақсы жігіт. Екеуміздің арамызда ұқсастық бар ма? Еңбекқорлық жағынан – иә, 100% ұқсаймыз. Ол ешбір матчта өзін аяп қалмайды, бұл қазіргі жасында өте маңызды қасиет», – деді 23 жастағы вингер Адам Ахмадовқа берген сұхбатында.
Виталий Латурнус ҚПЛ-дың оныншы турындағы «Атырауға» қарсы матчта (1:1) «Ақтөбенің» жалғыз голының авторы атанды. Бұған дейінгі ойындарда жас шабуылшы Луиш Нани мен Артур Шушеначевке нәтижелі пас шығарып берген болатын.
«Ақ-қызылдардың» экс-футболшысы Максим Самородов осы маусымда ресейлік клуб сапында 5 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Бұл – командадағы ең жоғары көрсеткіш.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.