«Лестердің» экс-шабуылшысы – Сәтпаев туралы: Англияның супержұлдызы бола алады

Автор
Fonteam редактор
Автор
19.05.26, 03:00
Уэльс құрамасының экс-шабуылшысы Натан Блэйк ASnews.kz сайтына берген сұхбатында жазда «Челсиге» ауысатын қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың болашағы туралы пікірімен бөлісті.
«Лестердің» экс-шабуылшысы – Сәтпаев туралы: Англияның супержұлдызы бола алады
Сурет: ашық дереккөздерден

Уэльс құрамасының экс-шабуылшысы Натан Блэйк ASnews.kz сайтына берген сұхбатында жазда «Челсиге» ауысатын қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың болашағы туралы пікірімен бөлісті.

«Дастан үшін Англияда ойнау оңай болмайды, бірақ ол физикалық жағынан жақсы дайындалған. Сәтпаев маған Агуэроны еске түсірді, ол допқа жабысып алып, жақсы бақылау жасай алады. Ол премьер-лиганың стиліне жақсы сәйкес келеді.

Әр елдің ойыншылары АПЛ-ға келіп, прогресс жасап жатса керемет қой. Дастан болашақта басқа да қазақстандық ойыншылардың Еуропаға шығуына мүмкіндік береді. Ол «Челсидің» негізгі командасында ойнайды деп үміттенемін. Мүмкін оны климатқа, лигаға және елге үйрету үшін алдымен Чемпионшипке жіберетін шығар. Бірақ, білесіз бе, ол бірден «Челсидің» негізгі құрамына еніп, лиганы жарып, супержұлдыз бола алады. Қалай болғанда да, мен оның жетістікке жететініне сенімдімін. Сосын мұның бәрі Қазақстандағы жас балаларды футболмен айналысуға шабыттандырады», – деді Блэйк.

Блэйк кәсіби мансабында жақсы өнер көрсетті, клубтық деңгейде 450-ден астам матч өткізіп, 140-тан астам гол соқты. Премьер-лигада «Болтон», «Блэкберн», «Вулверхэмптон» және «Лестер» командаларында доп тепті. Уэльс құрамасында 30 ойынға шығып, төрт гол соқты. Мансабын аяқтағаннан кейін футбол сарапшысы және комментатор болып жұмыс істеді.

Еске салайық, БАҚ мәліметінше Сәтпаев «Челси» сапына 1 шілде күні аттанады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8