UFC экс-файтері: «Ақтөбеде» тұрақтылық жоқ – басшыларды ауыстыра бермеу керек

Автор
Fonteam редактор
Автор
17.05.26, 06:00
Жастық шағында «Ақтөбенің» жастар құрамасында ойнаған UFC-дің бұрынғы файтері Сергей Морозов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «ақ-қызылдардың» маусымды сәтсіз бастағаны туралы пікір білдірді.
UFC экс-файтері: «Ақтөбеде» тұрақтылық жоқ – басшыларды ауыстыра бермеу керек
Сурет: ашық дереккөздерден

«Біздің клубтың тарихында өрлеу мен құлдырау көп: бірде бірінші лигада жүрсе, бірде ҚПЛ жүлдегерлерінің қатарынан көрінеді. Өткен жылы «Ақтөбе» чемпиондыққа үміткер болса, биылғы маусымның басы сәтсіз боп қалды. Бұл клубта жүйеліліктің жоқтығын көрсетеді. Бірақ басшылар үнемі ауысып жатса, нақты басқару стратегиясы қайдан қалыптасады?

Межесі 5 жыл болмаса да, ең кемі 3-4 жылдық жоспарға сүйену керек деп ойлаймын: негізгі құрамды дамыту, жастарды тарту... Тек содан кейін ғана нәтиже талап етуге болады. Ал бапкерлерден бастап ойыншыларға дейінгі кадрлардың тоқтаусыз ауысуынан еш пайда жоқ. Командаға өркендеу тілеймін, бірақ қазіргі өзгерістер жақсылыққа әкелетініне сенімді емеспін», – деді Морозов.

Тоғыз турдың қорытындысы бойынша «Ақтөбе» премьер-лига кестесінде жетінші орында тұр. Өткен жылдың басынан бері клуб төрт бапкерді және үш рет басқарма төрағасын ауыстырды.

UFC-дің ең жеңіл салмақтағы экс-файтері Сергей Морозов 19 жасқа дейін «Ақтөбе-Жас» сапында өнер көрсеткен. Соңғы айларда ол «ақ-қызылдардың» матчтарына тұрақты түрде барып жүр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5