Алғашқы таймда командалар бірдей деңгейде ойнап, алаң иелері сәл басымдық танытты. Үзіліске кокшетаулық команда минималды басымдықпен кетті. Лотоцкий қосымша уақытта алаң иелерін алға шығарды.
Екінші таймда «Оқжетпес» есепті ұстап ойнады, ал қонақтар бұған жауап қайтара алмады. Оған қоса, матч соңында астаналықтар сапында Башич тікелей қызыл қағаз алып, командасы азшылықта қалды.
Бұл жеңістен кейін Көкшетау ұжымы ҚПЛ турнир кестесінде 19 ұпаймен үшінші орынға орнықты. Григорий Бабаянның командасы 15 ұпаймен бесінші сатыда.
ҚПЛ, 10-тур
«Оқжетпес» – «Астана» 1:0
Гол: Лотоцкий, 45+3
Қызыл қағаз: Башич, 80, («Астана»)
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.